Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматы облысында 58 жастағы әйел адамды тонаған ер адам ұсталды

Тонаушы әйелдің өз ауылдасы болып шыққан.

Сурет : Алматы ПД баспасөз қызметі6 Ақпан 2019, 12:21

Алматы облысының полициясы ауылдасын тонаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға Іле ауданында орын алған. Аудандық полицияға хабар берген 58 жастағы әйел адам үш күн бұрын үйінің алдында белгісіз біреудің өзіне күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып кеткенін хабарлаған.

"Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, қылмысқа қатысы бар деген күдікті азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шегушінің қолды болған сөмкесі табылып, ол іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді",- деп атап өтті ведомство өкілдері.

Тергеу барысында күдіктінің алкогольдік ішімдікке мас күйде әрекет еткені анықталды. Ер адам мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы болуын тексеруде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер