Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлы жер: Көпбалалы отбасылар үшін арнайы бөлім құруды ұсынамыз - Жеңіс Қасымбек

arasha.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 21:35 arasha.kz
Егер жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, енді олардың санын 2-3 есеге көбейту керек

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" бағдарламасындағы көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы баспананы арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында министр Астанада болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді.

"Бұл өте қайғылы оқиға және үлкен мәселе. Бүгін Ерболат Досаев мырзамен (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ред.) аталған мәселеге қатысты үлкен жиналыс өтеді. Біз осындай отбасыларға (көпбалалы - ред.) қосымша пәтерлер салу үшін қаражат іздеп жатырмыз. "Нұрлы жер" бойынша жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, олардың санын 2-3 есеге көбейту керек... "Нұрлы жер" бағдарламасына көпбалалы жанұялар үшін арнайы бөлім қосуды ұсынып отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда 28 мың көпбалалы жанұя жергілікті органдарда арендалық баспана кезегінде тұр. Жалдау құны баспананың әр шаршы метріне 100 теңгені құрайды.

"Яғни, екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны 8-10 мың теңге ғана. Бұл әлеуметтік аз қамтылған жандар үшін ыңғайлы баға. Өткен жылдары көпбалалы жандарға 500-700 пәтер берілетін. Енді Елбасы тапсырмасымен арендалық баспананы қаржыландыруды 35 млрд теңгеге дейін ұлғайттық. Енді 4 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл кезекте мүгедектер, жетім балалар, ауған соғысының ардагерлері бар - санаттар өте көп", - деп түсіндірді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: