Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Балалардың өлімі бойынша министр Әбілқасымоваға ғана кінә арту әділетсіз - Дәурен Абаев

Біз - бүкіл мемлекеттік аппарат - елімізде болып жатқан барлық жайларға жауаптымыз - министр.

Сурет : Zakon.kz7 Ақпан 2019, 15:42

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуі жөніндегі әлеуметтік желідегі талапқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тым қайғылы жағдай орын алды. Қаралы отбасының басынан кешіріп жатқан күндерін ең қорқынышты түсіңде де елестету мүмкін емес. Бүкіл ел қазір бес бүлдіршіннің ата-анасымен бірге қайғы жамылып отыр" , - дейді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда әлеуметтік желіде тарап жатқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуі туралы талаптың әділетсіз екенін түсіндірді: - Алайда, менің ойымша, балалардың өліміне министр Әбілқасымоваға ғана бар кінәні арту әділетсіз болар еді. Келісемін, ешкім де жауапкершіліктен жалтармауы керек. Айналып келгенде, біз - бүкіл мемлекеттік аппарат - елімізде болып жатқан барлық жайларға жауаптымыз.

"Бір нәрсені түсінуіміз керек, осы қайғылы оқиғаға бір ғана емес, бірнеше фактор себеп болды және барлық мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы шеше алады деуге келмейді. Мәдина Ерасылқызының өзі де, әйел ретінде, үш баланың анасы ретінде бұл жағдайды ауыр қабылдады. Сол себепті, тек конструктивті сын қалып, арандату тоқтайды деген үміттемін. Оның үстіне мен министр Әбілқасымованы өз ісіне адал кәсіби маман ретінде білемін", - дейді Дәурен Абаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер