Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2019 16:30 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Тапаншамен қаруланған қаскөйлер кассадағы 27 мың теңгені қолды қылған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауданындағы жанармай құю бекетіне түнде қарақшылық жасаған қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 ақпан күні бір топ адам жанармай құю бекетіне баса-көктеп кіріп, оператор мен күзетшіні белгісіз қарумен қорқытып, кассадағы 27 000 теңгені тартып алған.

"Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес қарақшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер анықталды. Олардың бірі оқиға орнына жақын маңда жергілікті тұрғындардың көмегімен ұсталса, жедел-іздестіру шаралары барысында екінші күдіктінің мекен-жайы анықталып, ол Алматы қаласында қолға түсті. Ұсталғандардан қылмыс жасау кезінде пайдаланған тапанша мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Олар тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді",- деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: