Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда полицейлер парамен ұсталды

tOrange.biz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 18:00 tOrange.biz
Олар жолда жүру ережесін өрсекел бұзған жүргізушіден 40 мың теңге пара алған.

Таразда полицейлер жүргізушіден 40 мың теңге пара алып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Оларды ішкі қауіпсіздік қызметкерлері арнайы шара кезінде қолға түсірді.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-патрульдік полиция батальонының қос инспекторы қала тұрғынынан ақша алған. Олар жолда жүру ережесін өрсекел бұзған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпауға уәде берген. Бұл қызметін олар 40 мың теңгеге бағалапты. Қазір күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеп-тексеру қорытындысынан кейін ұсталғандардың командирлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жүргізушінің шағымы бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасының арнайы жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы екі қызметкер ұсталып отыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің екінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: