Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сенат ЕЭО тауарларды сәйкестендіру туралы келісімді ратификациялады

Келісім таңбаланатын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру арқылы көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған.

Сурет : gb.by14 Ақпан 2019, 17:15

Сенаторлар пленарлық отырыста Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады Zakon.kz.

Келісім таңбаланатын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру арқылы көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған.

Құжат Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен тізбесі бекітілетін таңбалануға жататын тауарларды ЕАЭО аясында біріздендірілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар, Келісіммен сәйкестендіру құралдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу, Одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссияны тауарларды таңбалауды енгізу жөнінде ниеттерінің бар екендігі туралы хабардар ету, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ оларға таңбалануға қойылатын талаптар мен таңбалау шарттары қолданылмайтын тауарлар реттеледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер