Жаңалықтар тізбегі
0

Жастар қандай болу керек - Назарбаев

Ақорданың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 17:55 Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының ойынша, білімділік, денсаулық, отансүйгіштік - жастардың ең басты қасиеттері.

Қазақстан Президенті өскелең ұрпаққа бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеосұқбат ҚР Президенті Телерадиокешенінің паблигінде жарияланды.

"Адам өмір сабақтарын өзіне тәжірибе ретінде сіңіріп, сосын жастарға кеңес береді. Қазір біздің жастар бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасап отыр. Жол да шекара да ашық. Қалаған жерде білім алып, қалаған жерде тұрып жатыр. Көріп отыр. Ол жақтағы жағдай мен өзіміздегі жағдайды - барлығын көрді. Сондықтанда жастар ең алдымен нық білім негізін қалап алуға ұмтылулары қажет. Жастық шақ пен мүмкіндікті керексіз ойын-сауыққа жұмсамағандары жөн, олардың барлығы кейін келеді", - деді президент.

Оның айтуынша, жастар ең алдымен білімді болулары керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Елбасының жастарға берер ақыл-кеңесі.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

"Бәсекелестік тек мемлекеттер арасында ғана емес, әр бір адамның арасында жүріп жатыр. Осындай бәсекелстікте тек білімі жоғарылар жеңіске жететініне", - мемлекет басшысы кәміл сеніп отыр.

Екінші. Жастар кез-келген жұмыста өзін жақсы қырынан көрсетуі қажет.

"Сол жұмысты жетік меңгеріп, өзінің шағын ғана ұжымында жетістікке жетіп, мойындатуы керек. Және, үшіншіден, бұл өмірде жетістікке жету үшін денсаулығы мықты болуы қажет. Өз денсаулығын сақтап, онымен айналысуы керек. Оны құртатын заттардан аулақ болған абзал. Төртіншіден, өз Отаныңды, халқыңды сүйіп, отансүйгіш болу қажет деп санаймын. Оның ішінде де одан тыс та оған қызмет ету қажет", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, егер осындай адамды тәрбилесек - мемлекет пен жастардың болашағы алаңсыз болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: