Жаңалықтар тізбегі
0

Цой ҚР Президенті істері басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2019 17:29 primeminister.kz
Алексей Цой медицина мен басқару саласында жоғары санатты маман болып табылады.

Алексей Цой ҚР Президенті істері басқармасына қарасты Медициналық орталықтың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алексей Цой медицина және басқару саласында жоғары деңгейлі маман саналады. Медицина және құқық саласы бойынша білімі бар, іскерлік басқару ісінің докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік медициналық академиясын, халықаралық құқық пен халықаралық бизнестің "Дәнекер" институтын, Ресей Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығын корпоративтік басқару жөніндегі Жоғары мектепті және Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбек жолын хирург-эндоскопист болып бастаған.

2007 - 2010 жылдары ҚР Президенті істері басқармасының Жаңа медициналық технологиялар енгізу орталығын басқарған.
2010-11 жж. "ҚР Президенті істері басқармасының Медициналық орталығы" ММ бастығы болған.
2011 – 2014 жылдары –Астана қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері.
2014 жылдан бастап – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

19 ақпанда өзге қызметке ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылғаны белгілі болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: