Жаңалықтар тізбегі
0

"Показуха деген осы". Қу шенеунік фотошоппен қоқыстың "көзін құртты" (фото)

onf.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 16:53 onf.ru
Шенеуніктер өтірік есеп беру үшін түрлі қулықтарға баратын болды.

Ресейдегі халықтық фронт сарапшылары Ростов облысындағы шенеуніктің жалған есеп бергенін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Рұқсат етілмеген жерлерге тасталған қоқыстарды тазалау жұмыстары туралы есеп берген шенеунік, жұмысының дәлелі ретінде жариялаған суреттерді фоторедактордың көмегімен өңдей салған екен.

"Суреттердің арасында бірін-бірі әр пиксельге дейін айнытпай қайталайтын фрагменттер табылды. Бұл сурет алдымен көшіріліп, сосын компьютерлік фоторедактордың көмегімен суреттің үстіне бірнеше рет салынған болуы мүмкін", — деді Халықтық фронттың Ростов облысы бойынша үйлестірушісі Алексей Мирошниченко.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 16:53

Оның айтуынша, "шенеуніктер соңғы кездері өтірік есеп беру әдістерін ойлап табу жағынан түрлі қулықтарға баратын болды".

"Олар алдымен таза жерді басқа ракурспен, жылдың басқа мерзімінде түсіріп алады. Сосын редактордың көмегімен кейін пайда болған қоқысты "алып тастайды", болды — таза пейзаж дайын ", — деп қосты ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 16:53

Аудан басшысы Виктор Талалаев "өтірікші шенеуніктің" жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 16:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: