Жаңалықтар тізбегі
0

Бішкекте 17 жастағы қыз 6-шы қабаттан секірді (видео)

youtube, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2019 14:31 youtube
Қызға айтылған ақыл-кеңестер нәтиже бермеді.

20 ақпанда Бішкекте өзіне өзі қол салмақ болған 17 жастағы бойжеткен 6-шы қабаттың терезесінен сыртқа секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сағат 14:20-да Бішкектің Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына суицид жасау әрекеті туралы хабар келіп түсті. "Тунгуч" ықшамауданында белгісіз бойжеткеннің көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан секіргелі тұрғаны айтылған.

Оқиға орнына полицейлер аттанды.

"Бойжеткен алтыншы қабаттағы пәтерде болған. Пәтер есігі жабық болды. Қызға айтылған ақыл-кеңестер нәтиже бермеді. Полицейлер терезенің түбінде кілем жайып дайын тұрды. Төтенше қызметкерлері есікті бұзып кірген кезде қыз терезеден секіріп кетті.

Алайда милиция қызметкерлері қыздың өмірін сақтап қалды. Жерде тартылған кілем соққыны жеңілдетті", – делінеді хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: