Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік полицей 400 мың теңге параны алмай қойды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2019 01:16 Сурет: zakon.kz
Жандос Сұлтанов департамент басшылығының қолдауымен ақшалай сыйақымен марапатталды.

Алаяқтық туралы істі жабу үшін лауазымды тұлға полицейге пара ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылдың 20 ақпанында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 367 бабы бойынша пара беру дерегі орын алды.

- Лауазымды тұлға алаяқтық фактісі бойынша қозғалған істі тоқтату үшін полиция майоры Сұлтанов Жандос Айбарұлына 400 мың теңге көлемінде пара беруге әрекеттенді. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Ережелерге сәйкес, 2019 жылдың 25 ақпанында Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының Тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Жандос Сұлтанов департамент басшылығының қолдауымен ақшалай сыйақымен марапатталды, - деп хабарлады Шымкенттің полиция департаменті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: