Жаңалықтар тізбегі
0

Ең "тез шірігіш" автокөліктердің "антирейтингі" шықты

КОЛЕСА.ру, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2019 17:04 КОЛЕСА.ру
УАЗ, LADA, Lifan көліктері көпке шыдамайды деседі.

Carsweek.ru порталы Ресей нарығында сатылатын автокөліктердің ішіндегі кузовы тез шіри бастайтын ең деген "үздік" бестікті атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші орынға мамандар ресейлік УАЗ "Патриот" көлігін қойыпты.

"Антирейтингтің" екінші орнына қытайлық Lifan X60 кроссоверін қойыпты. Мамандар атап өткендей, коррозия мәселесі бұл көліктердің алғашқы буынында жаппай орын алған. Жаңа Lifan X60-тың металл сапасы біршама жақсарған. Алайда көлікті қолдан алатын болсаңыз, шірігі жоқ Lifan табу қиын.

Үшінші орында тағы бір ресейлік модель – LADA Granta. Бұлардың бояуы тәуір болғанымен, көлік иелері "асты тез шіриді" деп шағымданады екен.

Төртінші орында Renault Duster кроссовері. Бұл көлік жолсыз жерлермен жиі жүрген жағдайда тез шіри бастайды.

"Үздік" бестікті тағы бір Қытай өкілі – Geely Emgrand X7 кроссовері түйіндеді. Оның кузовының шіруіне су мен жоғары ылғалдылық себеп. Ондай климатта бұл көліктің бойындағы "шіріктің" алғашқы белгілері 10 мың шақырым жол жүргеннен кейін-ақ шыға бастайды, деген қорытынды жасалған порталдағы мақалада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: