Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Көктемнің алғашқы күні елімізде ауа-райы қандай болмақ

Көктем келсе де Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Сурет : Newsler.ru1 Наурыз 2019, 09:49

"Қазгидромет" РМК орталығы 1-наурыз күні еліміздің аумағында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 29 м/с күтіледі.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 18 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер