Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте шенеунік әйелден 10 млн теңгенің мүлкі табылды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 17:07 pixabay.com
Әйелге 200 мың доллар жымқырды деген күдік тағылып отыр.

Шымкентте 200 мың доллар жымқырды деген күдікпен ұсталған Ұлттық бюро тергеушісінен тағы 10 миллион теңгенің мүлкі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Одан бөлек, бұрынғы мемлекеттік қызметкердің жекеменшік үйі де жеті миллион теңге тұрады екен. Қазір ол қамауда. Ұсталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар. Ұрланған ақшаның үштен бір бөлігін тергеушілер тауып үлгерді.

- Аумақтық орган басшылығы тарапынан бақылау болмаған. Содан, 2011 жылдан бері айыпты қызметкер алдында жасаған қылмыстарының іздерін жасыру үшін жаңа қылмыстар жасаған. Өз айыбын толық мойындағанына қарамастан ендігі бұрынғы қызметкер қамауға алынды. Тергеу барысында қазірге дейін қолды болған ақшаның 67,5 мың доллары анықталды, - деп хабарлады Ұлттық бюроның ішкі қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Ернар Баянғазин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: