Алматы полициясы ХҚКО делдалдардың ұсталуына байланысты пікір білдірді

1 Наурыз 2019, 11:39
Сурет: Zakon.kz

Алматы полициясы ХҚКО делдалдардың ұсталуына байланысты толық ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Мамандандырылған ХҚКО делдалдың және "Азаматтарға арналған үкімет" ҰАҚ филиалдарының бірінің қызметкеріне қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

- Медеу аудандық ХҚКО қызметкері шетелдік азаматты уақытша тіркеу бойынша қойлыған барлық заңды процедураларды айналып өтіп, жапа шегушінің және оның анасына қатысты заңсыз іс-әрекет жасаған. Анықталғандай, арыз беруші Қазақстан аумағында шетелдікті тіркеу бойынша өтініш білдірген. Оның сөзіне құлақ түрген ХҚКО қызметкері 120 мың теңгеге өз қызметін ұсынған. Ер адам аталған соманың жартысын сол бойы алса, қалған сомасын процедура біткен соң алуы тиіс болған. Бірақ, ол өз уәдесін орындамайды. Соның нәтижесінде, Қырғызстан азаматшасы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал аудандық ХҚКО қызметкері ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдылдинов.

Осыған ұқсас қылмыс мамандандырылған ХҚКО-да жасалды. Онда көлік құралын дереу тіркеп беру үшін жүргізушіден 40 мың теңге алмақ болған делдал ұсталды. Бұл фигурантта алаяқтық үшін жауапкершілікке тартылды.

- Негізінде осы аталған мемлекеттік қызметтердің барлығы өте жылдам әрі сапалы жасалады. Мемлекеттік баж тек қана кассаға төленеді. "Бір терезе" қызметі аты айтып тұрғандай, мемлекеттік қызметті алуда өте ыңғайлы. Сондықтан азаматтарды заңсыз болып табылатын бөтеннің көмегіне жүгінбеуге шақырамыз, - деп толықтырды полковник Қабдылдинов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?