Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздағы жарылыста қаза тапты делінген қыз тірі екен

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 17:47 Zakon.kz
Шын мәнінде түрі соған ұқсайтын басқа қыз қаза тапқан.

Тараздағы тұрғын үйдегі газ жарылысынан қаза тапқандар тізімін құрастыруда қателік кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облыстық полциция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында анықталғандай, қаза тапқандардың бірі 1987 жылы туған Төлегенова Аида Үсенғалиевна емес, 2001 жылы туған Арапбек Айжан Еркінбекқызы болып шықты.

- Оның себебі, ауыр жарақаттардан қаза тапқандардың түр-әлпеті танымастай болып өзгерген. Екі қыздың түрі мен дене бітімі ұқсас болған, тіпті туғандары да өз қыздары мен туысын тани алмады. Сонымен қатар, полиция үйдің 300-ден асатын өзге тұрғындарын іздестіруге мәжбүр болды, олар жарылыстан кейін туысқандары мен таныстарының үйіне кетіп қалған, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция хабарлағандай, қазір ҚР ҚК 292 бабы, 3 бөлімі (абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тергеу жалғасуда.

2019 жылдың 27 ақпанында Тараздағы ықшамауданда бес қабатты үйде газ жарылған болатын. Алты адам жарақат алып, оқиға орнында үш адам көз жұмған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: