Жаңалықтар тізбегі
0

2 проценттік ипотеканың шарттары қандай

The Qazaq Times, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 18:08 The Qazaq Times
22 мың ипотекаға үш жылдың ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін ипотеканың шарттарын жариялады, деп xабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Аз қамтылған отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға жеңілдетілген несие енгізіледі. Жылдық мөлшерлемесі 2% болады. Аталған несие келесі санаттар - төрт және одан көп баласы бар отбасыларға, мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасыларға және кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға беріледі. Екі жылда біз аталған санаттарға 22 мың жеңілдетілген займ беруді жоспарлап отырмыз", - деді Р.Скляр.

Министрдің сөзіне қарағанда, 22 мың ипотекаға үш жылдың ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табысы төмен отбасыларға 2-3 процентпен баспана сатыл алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

"Табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыру қажет. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 процентпен тұрғын үй заемын беру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын", - деді Н.Назарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: