Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғынынан тіркелмеген тапанша тәркіленді

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 22:50 Алматы облыстық ПД
Тапанша еш жерде тіркелмеген, белгісіз болып шықты.

"Алматы облысының тәртіп сақшылары Іле ауданының тұрғынынан еш жерде тіркелмеген тапанша тәркіледі" ,- деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күн ішінде полицейлер қару-жарақты заңсыз сақтаудың 11 дерегін анықтады. Оның екі дерегі қарудың оқ-дәрілерін сақтаумен байланысты ашылды.

"Іс-шара барысында 30 жастағы тұрғынның қалтасынан еш жерде тіркелмеген, белгісіз тапанша табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы анықталатын болады. Тапанша тиісті сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады Іле ауданы Полиция басқармасының өкілі.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында бір күнде 84 қылмыс ашылған, оның ішінде 63 қылмысты тәртіп сақшылары ізін суытпай ашқан.

"Облыстың алты тұрғыны есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілініп, оларға қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәртіп сақшылары еліміздің қолданыстағы көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетел азаматын анықтады. Қазіргі уақытта олардың төртеуі ел аумағынан шығарылды", - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: