Жаңалықтар тізбегі
0

Алып қашудың құрбаны болып, терезеден секірген қыздың ісінде жаңа жайттар ашылды

ptzgovorit.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2019 23:35 ptzgovorit.ru
Енді қыздың терезе жуып жатып, абайсызда өзі құлап кеткенін көрген куәгерлер табылыпты.

Алып қашудың құрбаны болып, одан кейін күйеуі Сұлтанның тарапынан жәбірлеу мен зорлық-зомбылыққа шыдамай үшінші қабаттан секірген Аружан ісінің жалғасы туралы Facebook-те адвокат Еркін Қахаров жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді бұл істің жаңа қырлары ашылуда. 25 қаңтарда Сұлтанның анасы Аружанды гинекологқа апарып көрсеткен екен. Қызды тексерген гинеколог Аружанға пәктігің бұзылмаған десе, Сұлтанның анасына қыз пәк емес дейді.

– Содан бастап үйдегілер Аружанға күн көрсетпеген. Қыз емессің айыптағаны аздай, оған қол жұмсай бастаған. Аружанның шындығын ешкім тыңдағысы да келмеген. Бұл үйде тыныш өмір болмайтынына көзі жеткен қыз терезеден секіреді. Енді Сұлтанның анасы келінінің пәк болмай келгенін ешкімге ешқашан айтпас едім, деп ақталады. Бірақ фактілердің бәрі қыздың пәктігін растайды. Гинеколог түгілі, дүкендегі сатушы әйел де, Сұлтанның көптеген өз туысқандары да қыздың ары таза екенін білетін болып шықты, – деп жазады адвокат.

Енді адвокаттың айтуынша, айыпталушылар тарапы Аружанның терезе жуып жатып, абайсызда құлап кеткенін көрген куәгерлерді тауыпты. Бірақ Қахаровтың жазуынша, адамның қасақана немесе байқаусызда құлағанын жарақаттардың сипатына қарап оңай анықтауға болады.

- Біз тергеуді әлгі куәгерлерді детекторда тексеруді сұраймыз. Ол куәгерлердің бәрі Сұлтанның отбасына жақын адамдар. Оның үстіне, айыпталушылар қашаннан бері жәбірленушілер үшін түсініктеме беруші еді, - деген сұрақ қояды Қахаров.

Оның сөзінше, полиция қызметкерлері жәбірленушіден құлаған күні де, ертесінде де түсініктеме алмаған.

- Бұл сұраққа істі жүргізетін тергеуші Аршабаев Сұлтанның анасының жәбірленушінің атынан түсініктеме беретін құқығы бар деген жауап берді, ал Шымкент ПД баспасөз хатшысы Әсель Сәденова тіпті Аружанның абайсызда құлап қалдым деген жазбаша түсініктемесі бар деп бүкіл Қазақстанға жар салды. Бұл жерде бәрін мұқият анықтау керек, - дейді адвокат.

Жәбірленуші тарапы енді бұл тергеушіден бас тартты.

Бұрын хабарланғандай, бұл оқиға қаңтарда Шымкент қаласында орын алған. 18 жастағы қыз кафеде даяшы болып жұмыс істеп жүріп, жігітпен танысады. Бір рет кездескеннен кейін қыз жігітпен ары қарай бірге болғысы келмейтінін түсінген. Сонда жігіт қызды алып қашады. Сосын қызды пәктігінен зорлықпен айырып, ары қарай ұрып-соғуға көшкен. 31 қаңтарда, өзінің туған күнінде қыз үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті. Қыз аман қалды, бірақ ауыр жараланды.

Шымкенттің полиция департаменті суицидке оқталу дерегі бойынша "Тұлғаны өзіне өзі қол сұғуға дейін немесе өзіне өзі қол сұғуға оқталуға дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: