Үндістан мен Пәкістан бір-біріне қарсы тағы да оқ ашты

4 Наурыз 2019, 15:50
Сурет: 24 kz

Үндістан мен Пәкістан әскерлері Кашмир аумағында тағы да бір-біріне қарсы оқ ашты, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үндістан қауіпсіздік министрлігінің ресми өкілі, подполковник Девендер Ананд мәлімдеді. Оның айтуынша, Астана уақытымен таңғы 3:30 шамасында пәкістандық әскерилер еш себепсіз Акнур аумағын атқылап, оқ атпау режиімін бұзған. Нью-Дели тиісінше жауап қатқан. Қарулы қақтығыс тек үш сағаттан соң аяқталған. Әзірге жапа шеккендер мен құрбандар туралы ресми мәліметтер жоқ.

Еске сала кетейік, екі тарап арасындағы қарым-қатынас 14 ақпан күні ушықты. Ол кезде лаңкес-жанкешті үнді әскерилері бар автобусқа өз көлігімен соғылып, жарып жіберген еді. Салдарынан 45 үнді әскері қаза тапқан болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?