Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Үндістанда қалып қойған отандастарымыз елге оралды

Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуалға байланысты Делиден Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері тоқтатылған болатын.

Сурет : Kursiv.kz4 Наурыз 2019, 15:52

Үндістанда қалып қойған 68 отандасымыздың барлығы елге оралды, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бүгінде Делиден қатынайтын ұшақтар Астана мен Алматыға жолаушыларды тасымалдап жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, шетелге саяхаттауға барған отандастарымыз өз демалысын уақытынан бұрын үзген емес.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуалға байланысты Делиден Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері тоқтатылған болатын.

– Бүкіл жолаушылар елшілікте болды. Елшілік көмегін көрсетіп, жағдайын жасады. Ең басынан біз бақылауға алып, назарымызда болды. Біздің консул, елшінің өзі жұмыс тобын басқарып, қалған жолаушылардың барлығына көмегін беріп елге қайтарды, – деді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

Ал Ауғанстанмен еліміз экономикалық ықпалдастықты жандандыруға ниетті. Отандық компания онда теміржол торабын салу үшін тендер ұтып алды. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық компания 350 мың тонна теміржол рельстерін жеткізетін болады. Жобаны ауған үкіметі қаржыландырады.

Бірақ Сыртқы істер министрлігі, ондағы ахуал шешімін таппай, отандық бизнесмендердің қауіпсіздігіне 100% кепілдік бере алмайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер