Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наманган облысының жастары мен жергілікті мемлекеттік мекеме басшыларымен болған кездесуде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арықтауы керек, деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz currenttimeasia-ға сілтеме жасап.
⠀⠀⠀⠀⠀
"Бізге артық салмағы бар офицер, ішкі істер органының қызметкері керек емес. Олар қылмыскерді қалай ұстамақ? Спортпен айналыссын. Бұл маған емес, солардың денсаулығы үшін қажет. Уақыт беремін: үш немесе алты ай, сол уақыттың ішінде артық салмақтарынан арылсын", – деген президенттің сөзін Daryo.uz басылымы келтіреді.
Германиядағы Йен университеті ғалымдарының зерттеуінше, 2019 жылы Өзбекстан дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім деңгейі ең жоғары елдердің рейтингінде көш бастаған.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?