Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк базалық ставканы 9,25% деңгейінде қалдырды

kazakh-tv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2019 23:46 kazakh-tv.kz
Жылдық инфляция төмендеуін жалғастырып, ақпанда мақсатты коридордың ортасынан төмен деңгейде қалды.

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 9,25% деңгейінде қалдыруды шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылдық инфляция төмендеуін жалғастырып, ақпанда мақсатты коридордың ортасынан төмен деңгейде қалыптасты. Алайда инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін тәуекелдер сақталуда.

2019 жылдың қаңтары мен ақпанында жылдық инфляция 5,2% және 4,8%-ға төмендеді. Бірақ инфляцияның баялауы әлі де тұрақты сипатқа ие емес.

Ұлттық банк атап өткендей, бұған дейінгі базалық ставканы қарастыру кезінде сыртқы жағдайлар айтарлықтай нашарлайды деген қауіп болған, алайда ақпан айының қорытындысы бойынша ол қауіптер расталмады. Brent маркалы мұнай бағасы 65 доллардан жоғары деңгейде қалыптасуда (2018 жылғы желтоқсанның екінші жартысында 55 доллардан төмен болған), – дейді Ұлттық банк.

Негізгі серіктес-мемлекеттердегі инфляция әртүрлі. Қаңтар айында Ресейдегі инфляция 5,0%-ға үдеді, ал Қытай мен Еуроодақта тиісінше 1,7% және 1,5%-ға дейін баяулады.

Қабылданған шешімдердің арқасында ақша-кредиттік жағдай нейтралды болып отыр. Нақты нарықтық проценттік ставкалар инфляция бойынша мақсатты межеге жетуге де, экономиканың өсім қарқынын сақтап қалуға да жеткілікті деңгейде.

Оқыс жағдайлар болмаса, жылдық инфляция 2019 жылы мақсатты коридордың жоғарғы шегіндегі 4-6% деңгейінде қалыптасуы тиіс.

Базалық ставка жөніндегі кезекті шешім 2019 жылдың 15 сәуірінде Астана уақытымен сағат 17:00-де қабылданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: