Қазақстанның басым аймағында жауын-шашын жауады

5 Наурыз 2019, 09:26
Сурет: Sibnovosti.ru

Синоптиктер наурыздың 5-і күні елімізде болатын ауа-райына болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күтіледі, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 18 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, Жамбыл, түнде Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күтіледі, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?