Еліктерді шетінен қырған

5 Наурыз 2019, 09:39
Сурет: wikipedia.org

Ақмола облысында емін-еркін сайран құрған браконьерлер еліктерді шетінен қырған, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Жол жиегінде қан жоса болып шашылып жатқан жануарлардың өлексесін көргенде, жолаушылар жағасын ұстапты.

Еліктердің терісі, ішек-қарны салынған бірнеше қапты ит-құс одан сайын ойрандап шашып тастаған. Өлексе жайрап жатқан жерде жануарлардың бауыздалған бастары да жатыр. Ұялы телефонына түсірген жолаушы жаңа ғана мүйізі шығып келе жатқан 10 еліктің басын санап шықты. Соған қарағанда, Сандықтау орманында заңсыз аңшылық құрғандар етін алып, басқасын лақтырып кеткен.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Полицейлер аңшылық шаруашылықтарының берген лицензияларын да тексерген. Бірақ браконьерлер әзірге ұсталған жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?