Жаңалықтар тізбегі
0

Стейм-оқыту, стрим-оқыту, финше оқу. Шәмшидинова жоспарымен бөлісті

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 18:08 liter.kz
Математика, информатика, химия, физика және биология сияқты пәндерді біріктіру арқылы балаларға жүктемені азайтуға болады екен.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова орта, кәсіби-техникалық және жоғары білімде қандай өзгерістер жасалатын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ең басты міндеттердің бірі – білім сапасын арттыру.

– Біздің ең басты міндетіміз – білім беру сапасын көтеру. Мәселе қазіргі білімнің нашарлығында емес, менің айтпағым, білім заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Мемлекет басшысы соңғы жолдауында оқу бағдарламаларын өзекті ету туралы айтты. Біз орта білімде қазір дәл осы мәселені қарастырудамыз – мысалы, білім берудің финлияндиялық әдісі қазір көптің аузында жүр, олар балаларды тұжырымдық білім негізінде оқытады. Стейм-оқыту бар, стрим-оқыту бар... Мысалы, математика, информатика, химия, физика және биология сияқты пәндерді біріктіру арқылы да балаларға жүктемені азайтуға болады, – деді ол.

Ол сондай-ақ кәсіби-техникалық және жоғары білімге қатысты жоспарларын жеткізді.

– Кәсіби-техникалық және жоғары білімде кадр дайындау еңбек нарығының талаптарына сай болуы керек. Қандай кадр қажет, соны дайындау маңызды. Мамандардың машықтары тек когнитивті ғана болмай, біз анализ, синтез, қорытынды жасау, қызығушылық білдіру сияқты жоғары дағдыларды да ұмытпауымыз керек. Әрине, жаңа оқу бағдарламалары бір күнде дайын болмайды. Белгілі бір өтпелі кезең болады, онда оқу бағдарламалары бірте-бірте қайта қарастырылып, оқытушылар кадры дайындалып, біртіндеп көшеміз, – деді министр.

Ал мектеп оқулықтары өзгере ме деген сұраққа министрдің жауабы мынадай болды:

– Оқулық – балаларды оқытатын көп құралдың бірі ғана. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі оқулықтарда кемшіліктер бар. Комиссия бастауыш мектепке арналған кей оқулықтарды түзетуге жіберді. Сонымен қатар, жақын арада оқулықтар қоғамдық талқыға салынады, келіңіздер, қатысыңыздар, – деп шақырды Шәмшидинова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: