Жаңалықтар тізбегі
0

Полторанин допинг қабылдаған жоқ, допинг қабылдауға әрекет жасады – Мұхамедиұлы

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 20:26 Хабар 24
Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Полторанинмен телефон арқылы сөйлесті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы допинг үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді, деп xабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Біз спорт және спорт қызметіне арналған заңнамаға өзгерістерді енгізу бастамасын көтердік. Оны бәрі біледі. Соның аясында допинг қабылдаған спортшыларға қатысты шараларды күшейтетін боламыз. Бұл – министрліктің негізгі ұстанымы", – деді А.Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында.

Осы орайда министр шаңғышы Алексей Полтораниннің допинг қабылдауына қатысты пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, спорт комитеті онымен тікелей байланыста.

"Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев онымен байланыс ұстап отыр. Ол Полторанинмен телефон арқылы сөйлесті. Сәрсенбі күні осы мәселеге қатысты толық ақпарат береміз. Полторанин допинг қабылдаған жоқ, допинг қабылдауға әрекет жасады. Сәрсенбі күні жиналайық, сол жерде бәрін жан-жақты талқылаймыз. Ол өз мәлімдемесін жасады. Байланысқа шықан соң, сәрсенбі күні біз бәрін айтып береміз", – деді А.Мұxамедиұлы.

Айта кетсек, Австриядағы әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, шаңғышы Алексей Полторанинді допинг қабылдағаны үшін қамауға алған болатын. Артынан ол өз кінәсін мойындағаннан кейін босатылды деген ақпарат тарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: