Сирияда 150 содыр өз еркімен берілді

5 Наурыз 2019, 14:55
Сурет: 24 kz

Ефрат өзенінің шығысындағы Багузда өтіп жатқан операция барысында 150-ден астам содыр өз еркімен күрд жасақтарына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл – Сириядағы "Ирак және Левант лаңкестік ұйымының" бақылауында қалған соңғы өңір. Багузды азат ету операциясын АҚШ қолдайтын коалиция жұма күні бастаған болатын. "Сирия демократиялық күштері" өкілдерінің хабарлауынша, содырлар миналанған автокөліктермен жасақталған. Ал бұл арада Сирия үкіметінің күштері халықаралық коалиция Багузда ақ фосфорды қолданды деп айыптап отыр. Жалпы, операция бейбіт тұрғындарға зияны тимес үшін баяу өтіп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?