Жаңалықтар тізбегі
0

Сапарбаев 21 мың теңге жәрдемақының кімдерге берілмейтінін айтты

ktk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 15:16 ktk.kz
Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасыларға берілетін әлуметтік көмек туралы айтып, 21 мың теңгенің кімдерге берілмейтінін түсіндіріп берді.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін әлуметтік көмек туралы айтып, 21 мың теңгенің кімдерге берілмейтінін түсіндіріп берді.

Министрдің сөзінен белгілі болғандай, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан, яғни 20 789 теңгеден 10-15 теңге асып кетсе де, әлеуметтік аз қамтылған отбасы саналмайды, деп жазады sputniknews.kz.

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев барлығы заң бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Кірмей қалады, себебі тәртіп солай. Солай деп белгіленген. 20 789 теңге, одан аспауы қажет. Ал асып кеткен жағдайда, төленбейді", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға әр бала үшін 21 мыңтеңгеден беруді тапсырған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: