Жаңалықтар тізбегі
0

"Алтын" үшін жолдан тайды. Полтораниннің бапкері мәлімдеме жасады

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 15:34 altaynews.kz
"Алтынға" деген ұмтылыс рұқсат етілмейтін әрекетке әкелді.

Алексей Полтораниннің алғашқы бапкері Алексей Наконечный ресми мәлімдеме жасап, отандастарын спортшыны қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "SPORTINFORM" агенттігіне сілтеме беріп.

"Менің шәкіртім жол берген антидопингті ережелердің бұзылуына байланысты барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Кешірім сұрай отырып, бүкіл ел тұрғындарының, ата-аналар мен басшылықтың алдында басымды иемін. 11 жыл бойы Алексейдің алдына бір ғана мақсат қойып, ең ірі сайыстарда ел үшін "алтын" ұтуды міндеттегендіктен, болған оқиғаға өзімді кінәлілердің бірі деп санаймын. "Алтынға" деген ұмтылыс рұқсат етілмейтін әрекетке әкелді. Алексейді тек әділ әрі тәртіпті адам деп білемін. Ол бірінші рет аяғын шалыс басып, тыйым салынған әдісті қолдануға бел шешкенімен, ақырында қабылдамады деп сенемін", - дейді спортшының бапкері.

Алексей Наконечный өз сөзінде ВАДА-ның оң шешімін күтіп отырғанын да жасырмады.

"Барлықтарыңыз Алексейді қолдаңыздаршы, өтінемін. Оған спортқа қайтып келуін, біздің елдің намысын ең жоғары деңгейде әрі қарай қорғай беруін, тек адал спортты насихаттап, допингке қарсы күреске қатыса беруін тілеймін", - деді Наконечный.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді.

Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты ҚР СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев түсінік берген болатын. Ол Қазақстан "әділ спорт" қағидатын ұстанатынын атап өтті.

"Допингпен күрес, спортшылармен ашық диалог секілді ұстанымға әрқашан да мән беріп келеміз. Біз таза спортқа, сондай-ақ біздің барлық спортшылар үшін бірдей жағдай жасауға екпін қоюдамыз. Қазақстан ЮНЕСКО-ның тиісті конвенциясына қосылды және барлық осы стандарттар пысықталуда", - деді Е. Ашықбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: