Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматы облысында қамауда отырғандар бақылаушымен төбелесті

Олар лақтырылған тыйым салынған заттарды алмақшы болған.

Сурет : kam24.ru6 Наурыз 2019, 09:34

Заречный ауылында орналасқан Алматы облысы бойынша ҚТК Департаментінің ЛА-155/14 мекемесінде тыйым салыған заттарды лақтыру әрекеті орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің кеңесшісі, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың хабарлауынша, бақылау ізді жолағында Ұлттық ұланның кезекші бақылаушысы жасақты тастап, өтуге болмайтын аймаққа өту арқылы, белгісіз біреулер сырттан лақтырған заттарды алмақ болған үш сотталушыны байқап қалады.

- Құқықтық тәртіпке қарсы әрекет жол бермеу кезінде, сотталғандар қызметкерге бағынбай, оны соққыға жығып, дене жарақаттарын келтірген. Нәтижесінде қызметкер медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнына келген жасақ арнайы құралдарды пайдаланған. Жазасын өтеушілер тұтқындалып, олар тәртіптік изоляторға қамалды, - деді Нұрділдә Ораз.

Мекеме қызметкеріне зорлық жасалғаны үшін аталған сотталушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. ҚР ІІМ ҚТК Комитетінің қызмектерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер