Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көктем келе салысымен қалта ұрылары қаптады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 16:01 Zakon.kz
Полиция ұрлықтың алдын алуға қанша тырысқанымен, оларға тосқауыл бола алмай отыр.

Алып шаһар Алматыда қалта ұрлығы азаймай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Әккі сұғанақтардың құрығына ілігіп, сан соққан зардап шегушілердің саны көбейген. Алайда оңай олжаға құныққан ұрының тек 100-ге жуығы ғана қолға түсіпті. Ұсталмай, үйреншікті ісін жалғастырып жүрген суыққолдылар қаншама. Полиция ұрлықтың алдын алуға қанша тырысқанымен, оларға тосқауыл бола алмай отыр.

Әсіресе, базарлар мен қоғамдық көліктерде, халық көп шоғырланған орталықтарда әккі сұғанақтар қаптаған. Ұрылардың құрығына ілігіп, телефоны мен ақшасынан айырылған зардап шегушілерде есеп жоқ. Полиция департаментінің ресми статистикасы да көңіл көншітпейді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция Департаментінің ресми өкілі:

- Жыл басынан бері Алматы қаласының полициясы жүзден астам қалта ұрылары қолға түсті. Олар 24 қылмыстық топтың құрамында өз заңсыздықтарын жүзеге асырған. 12 арнайы топ қоғамдық көліктердің ішінде өз қызметтерін атқарады. Қалта ұрыларының бетін ашып немесе алдын алып отырады.

Тәртіп сақшылары ұйымдастыратын шараларға қарамастан суыққолды сұғанақтар емін-еркін арам ойларын жүзеге асырып жүр. Өйткені оңай олжаға құныққандардың көбі қолды қылған затын қайтарып, айыппұлмен оңай сытылып кетеді екен. Психологтар сан соғып қалмас үшін тұрғындарға қырағылық мен ұқыптылық аса қажет екенін айтады.

Гүлжан Амангелдинова, психолог:

- Ұрлықшылар сізге тік қарауға тырыспайды.Олар көбіне жан-жағына қарап жатады. Сіздің қалтаңызға міндетті түрде көз салады. Сіз адамның бетіне емес, қолына қарауыңыз керек. Адамның байқаусызда тап болатын нәрсе негізінде. Егер адам бақылап отыратын болса, ол кісіге ешқашан ұрлықшылар жақындамайды. Алданбаймын деген адам жүз пайыз алданбайды.

Сондықтан психологтар қалта сипап, опық жеп қалмас үшін тұрғындарға сақ болуға кеңес берді. Ал полиция аялдамалар мен қоғамдық көліктердің ішіне «ұрыдан сақ бол» деген арнайы үнпарақтарды ілуге кірісіпті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: