Оралда жас шенеунік өз кабинетінде асылып өлді

6 Наурыз 2019, 12:39
Сурет: mgorod.kz

"БҚО Кәсіпкерлікті дамыту және индустриялық даму басқармасы" ММ бастығының орынбасары 5 наурызда өзіне өзі қол салды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Ер адамның асылған денесі қызметтік кабинеттен табылған.

– Тұншығудан көз жұмды. Ешқандай хат қалдырмаған. ҚР ҚК 105 бабы "Өзіне өзі қол салуға дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Орал қалалық полиция басқармасында.

30 жастағы Қасен Тоясов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегі. 2011 жылдан бері кәсіпкерлік басқармасында бас маман, бөлім жетекшісі болған. 2018 жылдың қазан айында басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?