Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Талдықорғанға кіре берісте екі адамды қағып кеткен Infiniti-ді 67 жастағы әйел адам басқарған

ЖКО дерегіне қатысты сот алды тергеу полиция басшылығының айрықша бақылауына алынды.

Сурет : inbusiness.kz6 Наурыз 2019, 17:41

5 наурыз күні "Алматы-Өскемен" тас жолының 252 шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сот алды тергеу, Алматы облысы полиция басшылығының айрықша бақылауына алынды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Infiniti FX35 автокөлігінің жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен жол апатынан үш адам жапа шекті. Оның екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшіншісі, 14 жасар қыз бала аурухана төсегіне таңылды. Анықталғандай, шетелдік көлікті Талдықорғанның 67 жастағы тұрғыны тізгіндеген. Ол да қазіргі таңда әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.

- ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерекке қатысты барлық қажетті сарапатамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот алды тергеу жұмыстары облыстық Тергеу басқармасының өндірісінде жатыр. Соның барысында ЖКО барлық себеп-салдары анықталатын болады, - делінген хабарламада.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер