Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа-райы сақталмақ

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Сурет : http://mosvedi.ru11 Наурыз 2019, 09:24

"Қазгидромет" РМК 11 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей өңірлерде жауын-шашын жауады, республиканың батысы және оңтүстік-батысында – көбінесе жаңбыр. Республиканың кей аймақтарында тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде – бұрқасынмен.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейуі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейуі 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде екпіні 23 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең – тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/ күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде – тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер