Павлодарда мектеп оқушысының басына мұз түсіп кетті

11 Наурыз 2019, 12:01
Сурет: pixabay.com

6 наурыз күні полицияға 2003 жылы туған кәмелетке толмағаның ми шайқалу диагнозымен облыстық Балалар емханасына түскені туралы хабарланған, деп жазады Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек тіркеліп, тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланың Короленко көшесі 355 үйдің шатырынан мұз болып қатқан қардың құлауы нәтижесінде бас жарақатын алғанын анықтады. Осы факті бойынша ПИК директоры ҚР ӘҚБк 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Полиция қызметкерлері "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 8-бөлімі, 43-бабына сәйкес кез келген ПИК, ЖШС қызмет көрсететін немесе тұрғын үйдің санитарлық және техникалық жағдайларымен айналысуы тиіс.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?