"Атажұрт еріктілерінің" жетекшісі ұсталып, кеңседе тінту жасалды

11 Наурыз 2019, 13:00
Сурет: AFP

Наурыздың 10-ы күні полиция Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагерьлері" жайлы жиі айтып, мәселе көтерген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті ұстап, "ұлтаралық араздық қоздыру" ісі бойынша тергеген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ал кейінірек ұйым кеңсесінде тінту жүргізіліп, заттар тәркіленгені хабарланды.

Наурыздың 10-ы күні полиция "Атажұрт еріктілері" ұйымының Алматыдағы кеңсесін тінтіп, компьютер, камера және өзге де заттарды тәркілеп алып кеткен.

"Ол компьютерлерде [Шыңжаңда қысым көрген] азаматтардың куәліктері сақталған еді" деген ұйым өкілі Гүлжан Тоқтасын AFP агенттігіне жексенбі күні. Кеңседе тінту болғанын, заттар тәркіленгенін ұйымның өзге де өкілдері растады.

AFP тілшісі кеңседен шыққан полиция қызметкерлерінің қара түсті пакетпен заттар алып бара жатқан сәтін түсіріп, Twitter-де жариялаған.​

Кейінірек "Атажұрт еріктілері" кеңсесі мөрмен бекітіліп, жабылған. Полиция тінтуге байланысты әзірге жауап бермеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?