Жаңалықтар тізбегі
0

"Әділетсіз судьялар тозақ отында жанады" – қырғыз президенті

http://who.ca-news.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2019 20:56 http://who.ca-news.org
Әсіресе, ары таза емес адамдар судья қызметіне тағайындалмауы тиіс, – деді ол.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жиэнбеков судьялардың XI-ші съезінде сот жүйесі қызметкерлеріне Құдайдан қорқуға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz КирТАГ-қа сілтеме жасап.

"Жаратқанның алдында бәріміз жауап береміз. Хадисте айтылғандай, соттың үш түрі бар – екеуі тозаққа барады, үшіншісі – жұмаққа. Егер судья әділ шешім шығарса, ол жұмаққа барады. Ал енді шындықты ажыратпай, әділетсіз шешім шығаратын судьяларды о дүниеде тозақ күтіп тұр", – деді Қырғызстан басшысы.

Президент коррупция мен жекелеген судьялар жайында сөз қозғады.

"Біздің судьяларымыздың бәрі жаман демеймін. Бірақ араларыңызда ақша үшін қылмыстың ауырлығына көз жұмып, жазаны жеңілдетіп, қылмыстық әрекеттерді бұрмалайтындар бар", – деді Сооронбай Жиэнбеков.

Жиэнбеков елде судьяларды іріктейтін жаңа кеңес құрылатынын айтты, өйткені қазіргі кеңес өзінің тиімділігін көрсете алмады.

"Кандидаттарды іріктеу тәртібін күшейту керек. Сауатсыз, әсіресе, ары таза емес адамдар судья қызметіне тағайындалмауы тиіс", – деп атап өтті Қырғызстан президенті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: