ҰҚК Түркістан облысында көші-қон полициясының қызметкерін ұстады

11 Наурыз 2019, 17:12
Сурет: Zakon.kz

ҰҚК Түркістан облысы ПД көші-қон қызметі қызметкерінің құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері М. Жұмаділовтің құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, - деп хабарлап отыр ҰҚК.

2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматы үшін тұру ықтиярхатын ресімдеуде жәрдем көрсеткені үшін
260 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұстады.

2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР ҚК 190-бабы 3-б. 2-т. көзделген қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,6 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?