Жаңалықтар тізбегі
0

Қуандық Бишімбаев түрмеде жұмыс істеуден бас тартты

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 15:45 kapital.kz
Бірақ мекеменің мәдени іс-шараларға қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады.

Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылды. Экс-министр жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бишімбаевқа мұнда екінші қабаттағы 14 адамға арналған бөлмеден орын бұйырыпты. Жататын жердің аумағы небәрі екі шаршы метр. Үш мезгіл тамақты да көпшілік сотталғандармен бірге ішеді.

Түрме басшыларының айтуынша, Қуандық Бишімбаев бұл жерге 15 ақпанда келген. Ол әзірге қара жұмысқа араласа қоймапты. Бірақ, мәдени шараларға қатысуға кет әрі емес. Экс-министр сұқбат беруге де, таспаға түсуге де келіскен жоқ.

Бағдат ӘСІЛБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 167\3 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда № 2 жасаққа орналастырдық басқа да сотталғандармен бірге. Бүгінгі таңда оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалынған жоқ. Тәртіп бәріне бір. Сонымен қоса айтарымыз барлық заңды талаптарды атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес. Сотталған Бишімбаев жұмысқа орналасуға ниет білдірмеді әлі осы күнге дейін. Бірақ, мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады.

Айта кетейік, Бишімбаев бұған дейін Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде отырған. Оның қорғаушысы экс-министрдің жазасын өтеу тәртібін жеңілдетуді сұрап сотқа талап-арыз түсірген. Тіпті, оны қоныс колониясына ауыстыруды да сұрағаны айтылған. Бірақ, сот тек ішінара қанағаттандырды.

Еске салайық, бұрынғы Ұлттық экономика министрі былтыр 10 жылға сотталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: