Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында қант қызылшасын өсірумен айналысатындар ақшасын ала алмай жүр

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 17:33 egemen.kz
Шаруа қожалықтары көктемгі егіс науқаны басталар тұста дайындықсыз отыр.

78 млн теңге қарыз. Алматы облысындағы "Көксу" қант зауыты Шеңгелдідегі шаруаларға осындай сомада берешек, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қант қызылшасын өсірумен айналысатындар өздеріне тиесілі қаражатқа 4 айдан бері қол жеткізе алмай жүр. Шаруа қожалықтары көктемгі егіс науқаны басталар тұста дайындықсыз отыр. Ал, қант зауыты істі созбалаңға салып, асығар емес. Кәсіпорынның жетісулық диқандарға қарызы бұдан да көп.

Алматы облысы Шеңгелді ауылының шаруа қожалықтары былтыр қант қызылшасын өсіріп, 15 мың тонна өнімді зауытқа өткізген екен. Алайда биыл ондай өсім болатын түрі жоқ. Олай дейтін себебіміз, көктем келсе де мына алқаптар қаңтарылып жатыр. Мұнда егіс жұмыстары басталмаған. Басты себеп қант зауыты шаруаларға тиісті ақшасын бермеген.

Қуат Ақылбеков, ЖШС инженері:

- Қант зауыты келісім бойынша 90 күнде төлеп беруі керек. Ал, 90 күннен бері тағы 30 күн асып кетті. 120 күн болды біздің қант қылшасын зауытқа өткізгенімізге.

Шеңгелдідегі 10 шақты ірі шаруашылық "Көксу" қант зауыты беретін қаражатты күтіп шаршаған. Қазір диқандардың қолы жіпсіз байлаулы. Әдетте қайнаған тіршіліктің ордасына айналатын алқаптардың басында өлі тыныштық. Егістікке қолданатын техника орнынан қозғалмаған күйі тұр. Қызылша егетіндер былтыр әрқайсы тыңайтқышты 13 млн теңгеден қарызға алған.

Думан Майлыханов, Ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы:

- Техниканың барлығы тұр. Бізде жер кеуіп кетті, жерді жырту науқаны басталып кетті. Ол бір ма? Одан кейін мына дәрі алдық, дәрмек алдық. Оның барлығы бүгін сотқа беріп жатыр.

Яғни, берешекті кешіктіргені сайын күніне 0,5 пайыз үстеме өседі. Бұл шарттағы талап. Қарызға шаш-етектен батқандар шаруалар тығырыққа тірелген. Жанар-жағармай, тыңайтқыш, техникаға қажет қосымша бөлшектерді сатып алудың реті келер емес. Тәтті түбірді егіп, пайда табуды көздеген Маралбек Межкенов екіойлы. Машақаты көп. Осы көктемде қылша екпеуім мүмкін дейді.

Маралбек Межкенов, Шаруа қожалығының иесі:

- Өмірімізде бірінші рет ектік. Сонда 2400 тонна қызылшасын өткіздік. Бірақ ол кезде де өткізген кезде қиыншылықтар болды. Көлік тасымалына өзіміз төледік.

Зауыт уәде еткен, ақпаннан ауып, наурыздың ортасына жетті. Әсіресе, тұқым бағасы шарықтап барады. Германиядан жеткізілетін өнімнің құны еуромен есептеледі. 1 қорабы - 60 мың теңге. 1 гектар аумаққа себіледі. Ал, облыстық әкімдіктегілер қаржысыз қалған шаруалардың мәселесін бақылауға алдық. Наурыз біткенше барлық қарыз толықтай өтеледі деп сендіруде.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Алматы облысында көктемгі егістік жұмыстары сәуір айында басталады. Демек, ол уақыт науқан басталғанға дейін зауыт тарапынан бүкіл қарыздар төленіп бітеді. Жоспар бойынша осы айдың аяғына дейін толық төлем бітуі керек.

Жалпы "Көксу" қант зауытының облыстағы диқандарға берешегі 600 млн теңгеден асқан. Соның 78 млн теңгесі Шеңгелдідегі жұртқа тиесілі. Ал, шаруалардың басты уайымы жердегі топырақ кеппей тұрып, тұқым себу.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: