Жаңалықтар тізбегі
0

"Блокқа жібердік". Әбілқасымова министрлікте немен айналысады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 18:33 inbusiness.kz
Ол мекемеде халықаралық бөлімге жауап беретін болады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кеше ғана өз министрлігіне тағайындалған бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Барлық вице-министрлер үкімет шешімімен тағайындалады. Әбілқасымова ханым бұрын ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, ол халықаралық блокпен айналысқан, – деді ол.

Оның айтуынша, Әбілқасымова бұл жолы да өзінің сол блоктағы жұмысына қайта кіріседі.

– Ол қазір де біздің министрлікте халықаралық блокпен айналысатын болады, – деді министр.

Одан соң министрге қоғамның Әбілқасымоваға деген көзқарасы туралы сұрақ қойылды. Министр оған байланысты пікір білдіргісі келмейтінін айтты.

– Әлеуметтік желілердегі қоғамның реакциясын әзірге оқыған жоқпын. Оған уақытым болмады. Мен әріптестерімнің іс-әрекеттері туралы ештеңе айта алмаймын, мен олардан тек жұмыстың орындалуын талап етемін, – деді ол.

Әбілқасымованың жалақысы қандай болады деген сұраққа министр "бұрынғыдан төмен" болады деді.

– Жалақы арнайы сеткамен реттеледі, вице-министрадің айлығы министрдің айлығынан төмен. Бұл оның қызметінің төмендеуі, – деді Дәленов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: