Жаңалықтар тізбегі
0

Қарасора егемін деп сорлап қалды

ru.depositphotos.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 23:11 ru.depositphotos.com
Есірткі заттарын үйінде еккен тұрғынға қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмысты болдырмау жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, Келес ауданы ауылдарының бірінен қарасора егушілік жайтын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың наурызында облыстық ПД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Келес АПБ-мен бірлесе отырып, үйінде заңсыз қарасора егетін жергілікті тұрғынды ұстады. Заттай айғақ ретінде полицейлер заңсыз өсірілген есірткі құрамды өсіндінің 7 бұтағын тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 1 кг-нан асатын көкнәр бұтағы болып табылды.

Болған жайт ҚР ҚК 300-бабы "Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру" бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастарға есірткі қолданудың зияндылығына бағытталған ақпараттарды бере отырып, есірткіге қарсы алдын алу мақсатында тұрғындар арасында тұрақты түрде әртүрлі алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Полицейлер білім, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірлесе отырып, әртүрлі акцияларға қатысу, ашық сабақтар жүргізу арқылы, есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары туралы және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын шараларды қабылдайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: