Жаңалықтар тізбегі
0

Зажигалка жұтып қойған мас қытайдың асқазаны жарыла жаздады

WeChat, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 23:28 WeChat
Басында біраз уақыт түк болмағандай отыра берген.

Қытайда дәрігерлер ер жігіттің асқазанынан газбен жанатын кәдімгі оттықты шығарып алды. Бұл туралы WeChat әлеуметтік желісіне 12 наурызда Ляонин провинциясындағы Шеньян қаласының ауруханасы өкілдері жеткізген, деп хабарлайды Zakon Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

23 жастағы Ли есімді қытай жігіті достарымен демалып отырып, мас күйінде бәрінің көзінше темекі тұтататын газ оттығын жұтып қойған.

Басында біраз уақыт түк болмағандай отыра берген ол бір кезде асқазанының қатты ауырып кеткеніне шағымданды, дейді баланың әкесі.

Жексенбіде, 10 наурыз күні таңертең бала жергілікті ауруханаға жеткізілді. Пациентке отау жасау тым қауіпті деп шешкен дәрігерлер Лиді Шэньян қаласындағы ірі ауруханаға жеткізді. Ол жерде пациенттің асқазан қышқылы сегіз сантиметрлік оттықтың пластигін еріте бастағаны анықталған. Оның ішіндегі газ кез-келген сәтте сыртқа шығып кетуі мүмкін екен.

Қауіпті зат Лидің асқазанында 30 сағаттай болған, ендігі алынбаса – жарылып кету қаупі болды. Дәрігерлер "зажигалканы" эндоскоптың көмегімен үш минуттың ішінде шығарып алды.

Қазір Лидің денсаулығы қалыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: