Павлодарда үйінде апиын дайындаған адам ұсталды

14 Наурыз 2019, 12:51
Сурет: news.tut.by

Павлодарда апиын дайындады деген күдікпен 39 жастағы тұрғын құрықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- 39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол өз пәтерінде ас көкнәрінен экстракциялық апиынды дайындау бойынша притон ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (ірі көлемде есірткі құралдарын дайындау және сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Айта кеткен жөн, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша есірткінің алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?