Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Самал Еслямова Азияның үздік актрисасы атанды

Арыстанбек Мұхамедиұлы актрисаны әлеуметік желіде құттықтады.

Сурет : Zakon.kz18 Наурыз 2019, 09:49

Азиялық киноакадемия Самал Еслямованы Азияның ең үздік актрисасы деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz Азиялық киноакдемияның Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы актрисаны өзінің әлеуметік желідегі парақшасында құттықтады.

- Достар, қазір ғана режиссер Сергей Дворцевойдан өте тамаша жаңалық естідім!

Самал Еслямова қазір ғана Гонконгте Сергей Дворцевойдың "Айка" картинасындағы рөлі үшін Азия киноакадемиясының/Asian Film Awards Academy "Азияның үздік актрисасы" парапатын иеленді.

Достар, Asian Film Awards Academy "азиалық Оскар" деп атайды! Азиялық киноакадемия номинанттарды 11 қаңтар күні анықтаған болатын. Бұл өте үлкен жетістік және табыс!

Мен шын шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын! - деп жазған мәдениет және спорт министрі.

Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі Мәскеуде заңсыз жұмыс жасап жүрген Қырғызстаннан келген жас эмигрант қыздың тарихын көрсетеді. Картина оның ішкі жан дүниесінің дамуын, айрылып, одан қайта жеткен аналық сезімі жайлы көрсетіледі.

Фильм продюсері Гүлнар Сәрсенова туындының өте мықты және ауыр екенін атады. Мигранттардың басқа елдердегі маңызды проблемаларын қозғаған.

- Мен ең алдымен Самал Еслямованы мақтан тұтамын. Ол өте жақсы актриса. Байсалды, терең ойлы, ақылды және шынайы. Оған көп ұсыныстар түсіп жатыр, - деді Гүлнар Сәрсенова.

- Мен бұл картинаны мақтан тұтамын. Ол тек Ресейде жүрген қырғыз, өзбек, тәжік және түркмен эмигранттарының ауыр тағдыры жайлы ғана емес, сондай ақ ананың балаға деген махаббатын, адамгершілікті көрсетеді. Мені премьералық көрсетілімнен соң көрермендердің ойы таң қалдырды. Олар Қазақстанда өмір сүрудің жайлы екендігін, бұл жақта миграциялық қиындықтың жоқтығын, күн көріс үшін Ресесй немесе жақын шет елдерге кетудің қажеті жоқ екендігін айтып жатты, - деп бөлісті режиссер Сергей Дворцевой.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер