Жаңалықтар тізбегі
0

Қалалардағы орталық көшелер Назарбаев есімімен аталсын – Тоқаев

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2019 18:55 Zakon.kz
Заң бойынша, барлық қызметтік инфрақұрылым Елбасының иелігінде қалады.

Біздің Астанамыз біздің президентіміздің есімімен, Нұрсұлтан деп аталуы тиіс. Тіпті Қазақстандағы облыстық қалалардағы барлық орталық көшелерге Назарбаевтың есімі берілуі керек, деп санаймын, – деді бүгін Қазақстанның жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі ант беру рәсімінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беруді ұсынамын. Президенттің барлық портреттері мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік бөлмелерінде, оқу орындарында атрибут ретінде қала береді. Заң бойынша, барлық қызметтік инфрақұрылым Елбасының иелігінде қалады, - деді Тоқаев.

Тоқаев Қазақстанда биліктің тыныш, бейбіт жағдайда ауысып отырғанына жоғары мән береді.

ҚР Тұңғыш Президентінің құрметіне мемлекетіміздің астанасында монумент орнатуды ұсынамын. Стратегиялық шешімдер қабылдауда Елбасының беделді пікіріне басым мән беріледі. Біз билікті тыныш, бейбіт жағдайда ауыстырып отырмыз. Қазақстан халқының аса жоғары саяси мәдениеті осылай айшықталуда, деді жаңа мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: