Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан атауы қазақтың көрегендігін көрсетеді

matrica.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2019 22:17 matrica.kz
Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы дегенде, мақтанарлық нәрсе көп. Ол да Елбасының арқасы деседі.

Қызылорда облысының тұрғыны, еңбек ардагері Тұрғанбай Маханұлы "Ұлы даланы биіктеткен ұлы тұлғалардың мәртебесін асқақтату – елдің оларға деген шексіз құрметінің белгісі", деген пікірін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сексеннің сеңгіріне шыққан бүгінгі жасымда ел ағасы ретінде өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы оңды істерге тоқталып, бүгінгідей тарихи сәтте өзімнің пікірімді қоссам деймін.

Тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы дегенде, біздің мақтанарымыз көп. Оның бәріне тоқталмай бірден бүгінгі жағдайдағы үлкен ілгерілеушіліктерге тоқталайын.

Ең алдымен, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономиканың қиындығына қарамастан сырбойылықтарды қолдаған Елбасы Қызылорда қаласында заманауи көп кешенді облыстық медицина орталығы құрылысының салынуын тікелей бақылауына алып, орталықтың салтанатты ашылуына да өзі келіп қатысты.

Ал бүгінгі күнге келсек салаға бөлінген қаржы соңғы 3 жылда 32,3%-ға өсіпті.

Соңғы 5 жылдың өзінде елді-мекендердегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың 63% жаңартылса, соңғы 2 жылдың өзінде 25 медициналық нысан қолданысқа берілген.

2018 жылы Арал, Қазалы аудандық орталық ауруханалары, қолданысқа беріліп, Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жүріп жатыр.

Әрбір аймаққа, яғни әрбір аймақтық дәрігерге тіркелген халық санын 2500-ден 1700-ге дейін төмендетуге қол жеткізу халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына сөзсіз оң әсер етеді.

Байқоңыр қаласында ашылған емханаға, Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халықпен бірге Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса қазақстандық азаматтар тіркелді.

Мамандардың біліктілігін арттыруға аса мән берілуде. Былтырғы жылмен салыстырғанда жергілікті бюджеттен оқу курстарына бөлінген қаржы 1,8 есеге өсіп, дәрігерлер тапшылығын төмендетуге қол жеткізілді.

Дәрігерлердің орташа жалақысы 18 пайызға өсті.

Облыс халқының орташа өмір сүру ұзақтығының тұрақты түрде өсуі байқалады. Соңғы 5 жылда көрсеткіш 1,9 жасқа өсіп, 2018 жылы 72,6 жасты құрады (2013 жылы - 70,62);

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,3%-ға төмендесе, қатерлі ісіктерді бастапқы сатысында анықтау көрсеткіші 15 пайызға өсті.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда облысымыздың денсаулық сақтау саласы республикада алдыңғы бестіктің қатарынан көрініп келеді.

Бұл жетістіктердің артында, қаншама еңбек, қаншама маңдай тер жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Облыстың денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістердің барлығы да елдегі бірлік пен берекенің, Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі деп білеміз.

Сондықтан бас қаланы Нұр-Сұлтан атауымен ауыстыру, Ұлт Көшбасшысының есімін осылай ұлықтау қазақтың көсемдігін, көрегендігін көрсетеді. Ұлы даланы биіктеткен ұлы тұлғалардың мәртебесін асқақтату елдің оған деген шексіз құрметінің белгісі деп білемін.

Еңбек ардагері Маханов Тұрғанбай Маханұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: