Жаңалықтар тізбегі
0

Астананың Нұр-Сұлтан аталуын ауыл жұртшылығы қолдайды

dnnar.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2019 00:38 dnnar.com
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына, Астананың әлем картасында пайда болып, барша ғаламды мойындатуына Нұрсұлтан Әбішұлының зор еңбегі сіңді.

Біз Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылының "Аппаз" шаруа қожалығының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып аталуын қошеметпен қабылдадық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы елімізді қиын жылдары тығырықтан алып шығып, дамудың дара жолын көрсетті. Игі бастамалардың басында болып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ете білді.

Еліміз үшін, халқымыз үшін Елбасының орны қашанда ерекше. Елбасы қашанда ауыл мәселесіне зор көңіл бөлді. Ауылды жаңғыртып, кәсібімізді дамытуға мүмкіндік туғызды. Осы жылдар ішінде келешегін болжай білген Елбасы еліміздің ауылшаруашылық саласын әлемнің ең озық мемлекеттерінің табысымен бәсекелесе алатындай етті. Біз сияқты шаруа адамдарына қаншама жеңілдіктер, қолдаулар жасалуда. Ауылда білім мен мәдениет ошақтарын дамытып, балабақша, мектептер салып, олардың материалдық базасын заман талабына сай қамтамасыз етті.

Әрі қарай да біз Елбасының қалыптастырған, салып берген осы дара жолын жалғастырып, аянбай еңбек ете берсек, бәріміз үшін өте маңызды болмақ.

Еліміздің абыройын асқақтатқан Көшбасшымыз бүгінде барлық құрметке лайық. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына, Астананың әлем картасында пайда болып, барша ғаламды мойындатуына Нұрсұлтан Әбішұлының зор еңбегі сіңді. Біз Астана қаласын Елбасымыздың құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауын бір ауыздан қолдаймыз. Бұл тарихи дұрыс шешім. Ұрпақтарға үлкен аманат.

Қарқаралы ауданы, "Аппаз" шаруа қожалығының ұжымы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: