Жаңалықтар тізбегі
0

Мадридтің "Реалы" ең қымбат футболшыны сатып алмақ

Reuters©, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 16:25 Reuters©
Ойыншының трансферлік құны 216,5 миллион евроға бағаланады.

Мадридтің "Реалы" "Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алмақ. Бұл туралы France Football хабарлайды.

Басылымның ақпаратынша, жақын арада "корольдік клуб" 20 жастағы ойыншының трансфері жайында келіссөздерге кіріспек. "Реал" француз футболшысы үшін рекордтық 280 миллион евро төлеуге дайын.

Мбаппені клуб президенті Флорентино Перес пен бас бапкер Зинедин Зидан қалап отыр.

Егер Мбаппе "Реалға" ауысуға келіссе, оның трансфері футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ. Қазіргі рекордтың авторы – футболшының клубтасы Неймар, ол 2017 жылдың жазында "Барселонадан" ПСЖ-ға 222 миллион евроға ауысқан.

Биылғы маусымда Мбаппе Франция чемпионатында ПСЖ сапында өткізген 23 ойында 26 доп соғып, он нәтижелі пас берді. 2018 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының тұжырымынша әлемнің ең қымбат ойыншысы саналады – оның трансферлік құны 216,5 миллион евроға бағаланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: